Абылай әлем чемпионы атанды!

IMG 20181008 WA0000 Қоғам

4-7 қазан күндері Ресей астанасы Мәскеуде панкратионнан әлем чемпионаты өтті. Кіл мықтылар бас қосқан дүбірлі додада жерлесіміз Абылай Төлеш байрағымызды көкке көтеріп, Әнұранымызды әуелетті.

IMG-20181008-WA0000

Абылай іріктеу кезеңдерінде тәжікстандық және әзербайжандық қарсыластарын ұтқан болатын. Жартылай финалда Қырғыз спортшысын тізе бүктірді. Ал, ақтық сында жарыс қожайынына еш мүмкіндік бермей, чемпиондық белдікке ие болды.

Бұған дейін де спортшы талай самбо, жекпе-жек, панкратионнан өткен түрлі жарыстарда жеңіске жетіп үлгерген. Кәсіпқойлар арасында да бақ сынап жүр. Бүгінде қаламыздағы жаңадан ашылған «Мерген» жауынгерлік клубында жаттығады.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз