80 теңге жолақысын төлемеген баланы полицейлер алып кетті

screenshot 20220517 163245 Қоғам

Алматыда жол ақысын төлемеген баланы полицейлер алып кетті. 17 жастағы жасөспірімнің ONAY картасына әкесі ақша салып үлгермеген екен. Баланың әкесі құрылыста істейді екен. Ұлын полицейлер алып кеткен кезде әкесі жұмыста болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Елдос Өмірзақ есімді желі қолданушысы жазды. Онда 80 теңгеге бола жас баланы полицейлер алып кеткені туралы айтылады. Желі қолданушылары тәртіп сақшыларының бұл әрекетіне өз наразылықтарын білдіріп жатыр.

«Масқара! Полицейлердің осыдан басқа жұмысы жоқ па?!», «Ұят болған екен! 80 теңгеге бола баланы мұнша қинағаны несі?!», «АІІБ қылмыскер секілді апарғаны несі?! Оқушыларға жол ақысын тегін қылу керек»,
— деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.

Кейінірек полицейлер баланы ата-анасына табыстаған. Бостандық АІІБ бірнеше сағат отырған жасөспірімнің жағдайы жақсы.

«Экспресс К» сайтынан алынды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз