Балық мәселесі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ryiba Peretaska dekabr 7 1 Жаңалықтар

Атырау облысындағы балық мәселесі бойынша қылмыстық іс қозғалуда. Іс-шара барысында Жайық өзеніне су төгетін мекемелердің барлығы жоспардан тыс тексерілетін болады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

рыба-Перетаска-декабрь-7-1

Бұл туралы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәлімдеді.

– Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу фактілері бойынша құжаттар Атырау облыстық полиция департаментіне қылмыстық іс қозғау және алдын ала тергеу жүргізу үшін жіберілді. Кәсіпкерлік кодекстің 144 бап 3 тармақ 6 тармақшасына сәйкес, инспекция тарапынан Атырау облысы экология департаменті және Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына Жайық өзеніне су төгетін мекемелерге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Ведомствоаралық комиссия жиынының хаттамасына сәйкес, тұрғындардың денсаулығына зиян тигізбеу және шығын санын анықтау мақсатында «Атырау су арнасы» су жинау құрылымынан бастап теңіздің аузына дейін Жайық өзені толықтай өлген балықтан тазартылып жатыр. Қазіргі таңда жиналған балық көлемі шамамен 1 тоннаға жуық, – дейді инспекцияның бас маманы Ақмарал Каукенова.

Айта кетейік, аталған мәселеге орай Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарларды қорғау инспекциясымен ведомствоаралық комиссия құрылды.Комиссия құрамына Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасы, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, экология департаменті, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, ветеренариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы, төтенше жағдайлар департаменті мен Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары енді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз