«Теңіздегі» жағдайға байланысты соңғы мәліметтер белгілі болды

erm 0489 Медицина

Теңіз кен орнындағы апатты жағдайға байланысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлама жасады.

Апат кезінде кен орнында 5 жұмысшы зардап шеккен. Екі азамат көз жұмды. Қайтыс болғандардың біреуі оқиға орнында, екіншісі кен орнындағы «ТШО клиникасы» медициналық мекемесінде көз жұмған. Үшінші зардап шегушіні «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты ұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Науқасқа қазіргі таңда дәрігерлер сараптама жүргізіп жатыр. Төртінші жарақат алған жұмысшы Жылой аудандық ауруанаға жеткізілді. Ол жамбас тұсынан жабық жарақат алған. Оның жағдайы орташа тұрақты. Бесінші зардап шегушіге кен орнындағы «ТШО клиникасы» медициналық мекемесінің қызметкерлері психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз