Жарнама
Медицина

Сүт безі обыры туралы не білу керек?

Қазан айы әлем бойынша сүт безі обырының алдын алу мен ерте анықтау айы ретінде аталып өтеді. Осы мақсатта Атырау облыстық онкологиялық орталығында «Қызғылт қазан» айлығы аясында ашық есік күні өтуде.
Шараның басты мақсаты әйелдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын арттыру, қауіпті дерттің алдын алу және ерте диагностика мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Бүгін облыстық онкологиялық орталықта өңір тұрғындары тәжірибелі онкомаммологтардың қабылдауында болып, тегін тексеруден өту мүмкіндігіне ие болды. Мамандар сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері, оның даму себептері мен алдын алу жолдары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Онкомаммологтар Азамат Айтуар, Айбарша Сұлтанова және Алтыншаш Дүйсеналиева әйелдердің профилактикалық тексеруден жыл сайын өтіп тұруының маңыздылығына ерекше тоқталуда.

– Сүт безі обыры әйелдер арасында ең жиі кездесетін қатерлі ісік түрі. Егер ауру ерте кезеңде анықталса, ем нәтижесі әлдеқайда тиімді болады. Сондықтан әр әйел өз денсаулығына мұқият қарап, жүйелі түрде дәрігерлік тексеруден өтіп тұруы қажет, — дейді онкомаммолог Азамат Айтуар.

«Қызғылт қазан» науқаны тек медициналық шара ғана емес, қоғамды салауатты өмір салтына үндеудің, әр адамның өз денсаулығына бейжай қарамауын насихаттаудың маңызды бастамасы.


Майра ЕРҒАЛИ

Суреттерді түсіргее автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button