Адам өмірін сақтаудың бір ғана жолы – жаппай вакцинация

4bc1975 a0897c9 af6f12c 0 Медицина

Қазақстанда 2,8 миллион адам вакциналаудың толық курсын алды. Бұл туралы Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте айтты.

«Біздің ең өзекті мақсатымыз – вирустың таралуын тоқтату емес. Әлемдік тәжірибе мұның мүмкін емес екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде иммундау курсын 2,8 миллион адам аяқтады. Алайда жақсы қарқынға қарамастан, өңірлер бөлінісінде жағдай біркелкі емес. Айта кетейік, Президенттің қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарланды. Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды. Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимыл жоспары қабылданбақ.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз