Перзентхана дәрігерлері жүкті әйел мен сәбиін аман алып қалды

53552 Медицина

Атырау қалалық перзентханасының дәрігерлері жүкті әйел мен сәбиін аман алып қалды. Айы-күні жетіп, ауырып перзентханаға келген әйелге бірден  үш ота жасалды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

4 қарашада қалалық перзентхананың қабылдау бөліміне жүктіліктің 39-шы аптасында іштің өткір ауырсынуымен шағымданған әйел келген.  Әйел жедел түрде операциялық бөлімге кесарь тілігін жасауға ауыстырылды.

–  Дәрігерлер ота жасау арқылы салмағы 4 келі сәбиді аман алып қалды.  Операция кезінде әйелдің қосымша гангренозды аппендициті анықталып, оны хирургтар алып тастаған. Сондай – ақ, әйелге кіндік жарығының бұзылуына байланысты да ота жасалды, – деді Атырау қалалық перзентханасының директоры Гүлзейнеп Дүсіпова.

Дәрігерлердің айтуынша, үш отадан кейін ананың саулығы жақсы. Сәбиін омырау сүтімен қоректендіруде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз