Парацетамол дәрісі қауіпті болып шықты

45477 Жаңалықтар

Бас ауруына пайдалы делінетін парацетамол дәрісі адам ағзасына қауіпті болып шықты. Мұны Сан-Диегодағы «Адамның ұзақ өмір сүруі» ұйымының ғалымдары анықтаған. Бұл туралы халықаралық Lenta.ru ақпараттық агенттігі хабарлады.

Ғалымдар анықтағанындай, парацетамол жыныс гормонына теріс әсер етіп, ұрықтың дамуын тежеп, бедеулікті арттырады екен.

45477

Зерттеуге 18 жастан асқан 455 адам қатысқан. Бұдан басқа, талдауда 1880 еуропалық егіздердің және 1235 африка-америкалық және испандық адамдардың сауалнамасының деректері қамтылған.

Ғалымдар метаболизм үшін маңызды, концентрациядағы 700 байланыстың өзгерістерін анықтаған.

Зерттеуге қатысқан еріктілердің барлық топтарында парацетамолды қолданумен байланысты невростироидалық жыныстық гормондардың сарқылуы анықталған. Бұл әсер гормональды деңгейде 35 жыл бойы организмнің қартаюына, сонымен қатар плаценттік дисфункцияға және ұрпақты болу қабілетінің бұзылуына ықпал етеді. Сондай-ақ, бұл жүйке жүйесінің ауруларына әкеліп, эмбриондардағы жүктіліктің бұзылу қаупін арттырады.

Нейростероидтық жыныстық гормондар мидағы, бүйрек үсті бездері мен гонадта жасалады.

– Осыған байланысты парацетамолды көп пайдаланбауға кеңес береміз. Ал, егер аса қажет болмаса, бұл дәріні мүлдем пайдаланбаған жөн. Бас ауырғанда парацетамолдың орнына басқа дәрілерді қабылдаған дұрыс, дейді аталмыш зерттеуді жасаған шетелдік ғалымдар.

 

Шаһсұлтан БАҺАДҮР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз