ӨЗ ҚАН ҚЫСЫМЫҢЫЗДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

Атырау қаласында адамдар көп шоғырланатын жерлерде Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күнін атап өту дәстүрге айналды. Биыл Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне арналған акция қаланың Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Дина», Насиха» сауда орталықтары, «Тамаша» ойын-сауық орталығында өткізілді.

 

Акция барысында дәрігерлер қан қысымын өлшеп, халыққа кеңес берді, ауру бойынша қауіп-қатер факторларын анықтады, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы әзірлеген ақпараттық материалдар таратылды. Қан қысымы жоғары адамдарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді, кеңестер берілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз