
Ота ауылда да жасалады
Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында ауданда нақты қадамдар жасалып отыр. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Индер аудандық орталық аурухана заман үлгісіне сай лапароскопиялық қондырғымен жарақтандырылды.
– Медицина саласында жыл сайын жаңа әдістер пайда болып, қолданысқа енгізіліп отыр. Біздің қолымызға тиіп отырған лапароскопиялық қондырғының басты ерекшелігі – ота кезінде тіндерді аз зақымдап, тіліктердің мейлінше шағын болуына кепілдік беруі. Құрылғыны орнатқаннан бастап мамандарды оқытып, облыстан білікті хирург те шақыртылды. Осы әдісті өзіміздегі хирург, уролог, акушер-гинеколог дәрігерлер қысқа мерзімде меңгеріп, өз бетінше ота жасауды үйренуде. Осылайша, жаңа құрылғы пайдалануға беріліп, жергілікті медицина мекемесінің базасында жасалған алғашқы ота сәтті шықты, — дейді Индер аудандық орталық аурухананың директоры Анаргүл Доспаева.
Индер ауданы


