Нұрсая ықшам ауданында жедел-жәрдем қызметінің жаңа бекеті ашылды

WhatsApp Image 2018 10 01 at 16.20.44 Жаңалықтар

Нұрсая ықшам ауданында жедел-жәрдем қызметінің жаңа бекеті ашылды.

WhatsApp Image 2018-10-01 at 16.20.44

Салтанатты шара әр жылдың алғашқы сенбісінде тойланатын қала күніне орайластырылған. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Полымбет Хасанов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қатысты.

Өңірдің бас дәрігерінің айтуынша, жаңа нысан жақын маңдағы үйлер мен ықшам аудандардан 75 мың тұрғынды қабылдай алады. Шақыртуларға 8 жедел-жәрдем бригадасы шығады. Ал, штат 50 адамнан құралған. Оның 32-сі фельдшер, 18-і диспетчер, жүргізуші мен орта буындағы медицина қызметкері.

Жедел-жәрдем бекеті заманауи құрылғылармен жабдықталған, барлық реанимобильдерде GPS-навигаторлар орнатылған. Сондай-ақ, бұл жерде алғашқы көмек көрсетуден тәжірибелік тренингтер өтетін оқу-жаттығу бөлмесі бар.

WhatsApp Image 2018-10-01 at 16.20.43 (3)

«Жақын арада Нұрсая ықшам ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 12 мың тұрғынға қызмет көрсететін жаңа емхана салынады. Сонымен қатар, Атырау облысы әкімінің тапсырмасымен жергілікті бюджет және мемлекеттік-жекешелік әріптестік есебінен жуық арада тағы бір бекет, үш қосалқы жедел-жәрдем бекеті ашылады», – дейді Мәншүк Аймұрзиева.

Айта кетейік, 1-7 қазан аралығында Атырауда қала күніне орай бірқатар мәдени және спорттық шаралар өткізу жоспарланған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз