Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Жарнама
Медицина

Медицина саласына бөлінген қаржы үш есе өсті

Биыл медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы өседі. Сондай-ақ дәрігерлердің құқығын қорғау жұмыстары жетілдірілмек.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің мәлімдеуінше, соңғы жылдары салаға бөлінетін мемлекеттік қаржы үш есеге жуық өсіп, 2025 жылы 3 трлн теңгеге жеткен, — деп жазады qazaqstan.tv.

Нәтижесінде ірі медициналық орталықтар іске қосылып, ауылдық жерлерде 650-ден астам жаңа нысан пайдалануға берілді.

Тарифтік саясат қайта қаралып, ана мен бала денсаулығын сақтау, онкологиялық және шұғыл медициналық көмек сапасы артты. Сонымен қатар цифрландыру мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізілуде.

– Денсаулық сақтау саласында «eDensaulyq» экожүйесі қалыптасып, жасанды интеллект дәрігерлерге қолдау және медициналық көмектің сапасын арттырудың тиімді құралы ретінде енгізілуде. Парламент Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген медицина қызметкерлерін қорғау жөніндегі заңға өзгерістер мақұлдады. Медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде күш қолданғаны үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізілді, — деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

zakon.kz

Сурет: Ашық дереккөз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button