Израиль дәрігерлері Атырауда ота жасады

img 20220602 wa0042 Медицина

Израиль дәрігерлері Атырау облыстық онкологиялық диспансері орталығында шеберлік сағаттарын өткізді.

Атырау облысы әкімінің қолдауымен өңірге шетелдік дәрігерлер келді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі.

Израиль делегациясының құрамында хирургия және балалар хирургиясы қызмет саланың мамандары бар. Барлығы 5 дәрігер. Олардың жұмыс сапарының басты мақсаты – жергілікті мамандарға шеберлік сағатын өткізу және бірлесіп жоғарғы технологиялық ота жасау.

– Хирургия саласындағы мамандықты Литвада оқыдым. Университетті бітіргеннен кейін Израильге көштім. Қазір сол жерде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеймін. Негізгі мамандығым онколог. Бір кездері Францияда 2 жыл білім алдым. Мен бұл салада жалпы 15 жыл жұмыс істеп келемін. Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім. Осында екі-үш күн болып, операцияларға қатысамыз. Әлі де жергілікті дәрігерлер үшін жетілдіретін нәрсе көп. Аладғы уақытта мұндағы дәрігерлер бізге келіп, тәжірибе алмасады деп ойлаймын. Бұл жоба сәтті болады деп ойлаймын, деді «Каплан» медициналық орталығында хирургия бөлімі меңгерішісінің орынбасары Рафаэль Миллер. 

Айта кетейік, бұған дейін 17-21 мамыр аралығында Атырау облыстық перинаталдық орталығында Израильден келген профессор Илья Розиннің өткізген семинарына қала және аудандардан келген мамандар шеберлік сағатына қатысқан болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз