Emhana  a tirkelgeni     627 258 t  r  yin

Емханаға тіркелгені – 627 258 тұрғын

Медицина

Қыркүйектің 15-інен 15 қарашаға дейін созылған емханаға тіркелу науқаны аяқталды. Науқан барысында  аймақта 6592 адам медицина ұйымын еркін таңдау құқығын пайдалана алды. Азаматтардың басым көпшілігі жекеменшік медицина ұйымдарын таңдады. Ал, жалпы, халық тіркеліміне 627258 тұрғын енді.

Емханаға тіркелгені – 627 258 тұрғын

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизовтың айтуынша, науқан аясында облыс тұрғындарының басым бөлігі емханаға өздері барып тіркелсе, сегізі egov.kz порталы арқылы онлайн қызметті таңдаған. Алдағы уақытта емхананың тіркеу бөлімдері арқылы тіркелу мүлдем тоқтатылады. Бұл шешім жүйелі проблемаларды жойып, қызметін асыра пайдалану және фальсификация фактілерінің алдын алу мақсатында қабылданды.

Бұған ешқандай алаңдаудың қажеті жоқ. Біріншіден, тіркелу үшін емханаға аяқтай барып үйренген азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне жүгіне алады.

Аталған орталықтарда Connection Point бөлімшелері бар, олар egov порталына қосылған. Сол жерде арнайы кеңесшілер отырады. Екіншіден, еgov.kz жуырда Telegram ботын іске қосты. Смартфонның көмегімен осы бот арқылы бірер минутта тіркелуге болады. Үшіншіден, қазір өзіңізді ғана емес, балаларды да онлайн режимде тіркеуге мүмкіндік туды. Жүйе  барлық мәліметтерді қысқа мерзімде автоматты түрде шығарып береді. Бұл процесті барынша жеңілдетеді, әрі артық құжат талап етілмейді,-деді Байтолла Закарьяұлы.

Қазақстандықтардың жылына бір рет емхана ауыстыруға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, қоныс аударғанда, емхана жабылып қалса немесе Медициналық сақтандыру қорымен келісім-шартты бұзса, жақын маңнан жаңа ғимарат салынса, көрсетілетін қызметке қатысты шығындарды жабатын ерікті медициналық сақтандыру келісім-шартын бекіткен жағдайда басқа денсаулық сақтау ұйымына ауысуға болады. Тіркеумен айналысатын емханалардың толық тізімі қордың www.fms.kz сайтында көрсетілген.

Бұл емханалар келер жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде халыққа қызмет көрсетеді.

 

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған