Дәрігер саны 4,3 пайызға артты

article348101 Жаңалықтар

Atr.kz/20-ақпан.Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болуы тиіс.

Мемлекет басшысының алға қойған осынау тапсырмасына сәйкес, бүгінде облыс халқына 37 денсаулық сақтау ұйымы қызмет көрсетуде. Маман тапшылығын шешуде биыл өткен жылдармен салыстырғанда дәрігерлер саны 4,3 пайызға өсті.

article348101

Облыс әкімінің айтуынша, биыл Атырау қаласының Қара депо, Көкарна, Ақсай, Жылыой ауданының Жаңа Қаратон, Қызылқоға ауданының Сағыз ауылдарынан 25 келушіге арналған жанұялық дәрігерлік амбулаторияның, Қызылқоға ауданының Қаракөл, Индер ауданының Аққала ауылдарынан фельдшерлік-акушерлік пунктің, Атырау қаласы мен Қызылқоға ауданынан мүрдехана ғимаратының құрылыстары басталады.
Денсаулық сақтау саласында сәби өлімін алдын алу – бүгінгі басты мәселе. Осыған орай жаңадан келген мамандардың күшімен және материалдық-техникалық базаны жақсартумен жыл бойы өте төмен салмақпен, туа біткен кемістіктерімен мерзімінен бұрын туған нәрестелерді күтіп, қарау бойынша қарқынды жұмыс қолға алынды. Ерте неонаталдық өлімнің 35,4 пайыздан 27,2 пайызға дейін төмендеуі осының дәлелі. Осы және өзге де мәселелерді саралаған облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасына бала өлімін азайту, онкологиялық ауруларды ерте анықтау, бес жылдық өмір сүру ұзақтығын және халықтың өз денсаулығына жауапкершілігін жоғарылату мәселелеріне аса мұқият қарауды алға қойды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз