“Биылғы тұмау – ҚАУІПТІ”

fd1d8f01 e703 4ded 82f6 5529b4ba28bf Медицина

Күн райы суытқан сайын тұмау көп таралып, балаларға қауіп төндіруі мүмкін. Соған байланысты Атырау облыстық No2 ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, облыстың штаттан тыс дәрігер-инфекционисі Надя Ерғалиевадан (суретте) балалар арасында өршіп тұрған маусымдық тұмау аурулары жайында егжей-тегжейлі сұрап білген едік.

– Қазір балалар арасында түрлі жұқпалы ауру көп. Бала тұмау жұқтырған сәттен симптомы пайда болғанға дейін неше күнге созылуы мүмкін?

– Тұмау – вирустық ауру. Көбінесе ол адамнан адамға ауа тамшыларымен беріледі – балаңыздың жанында біреу түшкірсе болғаны. Бірақ бұл вирус тұрмыстық жол- мен де берілуі мүмкін. Басқа вирустық инфекциялардан басты айырмашылығы – мұрыннан су ағып, әлсіз жөтел болады. Аурудың жасырын уақыты – инкубациялық кезең. Бұл бірнеше сағаттан төрт күнге дейін созылуы мүмкін.

Қазіргі қауіпті вирус кезінде оның жолын біржола кесу мүмкін емес. Сондықтан, алдын алу шаралары баланы оқшаулауға емес, аурудың ықтималдығын азайтуға және баланың иммундық жүйесін нығайтуға бағытталуы керек. Тұмауға қарсы екпе жыл сайын күзде, эпидемия маусымы басталғанға дейін жасалады. Өйткені, толық иммунитетті дамыту үшін кем дегенде 2-3 апта уақыт өтуі тиіс. Ағзада бұрыннан бар созылмалы ауру өршіп тұрғанда немесе ауырып жүрсе екпе салғызуға болмайды.

 Алғашқы белгілері пайда болса, не істеу керек?

– Тұмау басталғанда ауыр болады, температура 38-39 градусқа дейін көтеріледі. Интоксикация белгілері айқын көрінеді. Тәбеті болмай қалуы да мүмкін. Әлсіздік, денені ауырлық басып, бас ауыру, бұлшық ет пен буындарда ауырсыну болады. Балалар тұмаумен ауырғанда, көбінесе кеуде, арқа тұсты қысатын қатты құрғақ жөтел де басталады.

– Тұмаудың асқынғандағы белгілері қандай?

– Тұмау асқынса, өте қауіпті. Әсіресе, пневмония, энцефалит, бұлшық ет аурулары, отит, ринит, синусит, брон- хит. Мысалы, балада трахея белгісі бар вирус болса, онда науқас құрғақ жөтелден қатты қиналып, баланың көгеріп кетуі, есінен тануы секілді

– Тұмауға қарсы вакцина балаларға неше жастан бастап салынады?

– Жұқпалы ауруларды жеңудің бірден-бір жолы – вакцинация. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» демекші, вирустық жұқпаның алдын алу үшін де осы тәсілді қолданған артық болмас. Екпе алған адам жұқпалы ауруды жеңіл түрде өткізеді.

Вакцина балаларға 6 айдан бастап са- лынады. Сондықтан, иммунитеті әлсіз, созылмалы сырқаты бар, церебральді сал, дауна, туабітті жүрек ақауы бар балалардың екпе алғаны дұрыс.

– Жыл сайын тұмау белгілері өзгеріп отырады. Биылғы маусымдық аурудың бағыты қандай?

– Негізі, тұмаудың белгісі өзгермейді. Жыл сайын тұмаудың қоздырғыш жұқпаларының типтері өзгеріп отырады. 

Вирусологиялық сараптамалардың алғашқы қорытындыларында биыл вирустың «А» типі кездесіп отыр. Бұл – ауыр түрде өтетін тұмаудың бір түрі.

– Қазір ауруханада қанша науқас ем алып жатыр? Жас ерекшеліктері қандай?

– Соңғы бес күннің статистикасын қарасақ, No2 облыстық аурухананың қабылдау бөліміне 550-дей науқас келіп қаралған. Оның 97 пайызы – сәбилер. Өткен жылдарға қарағанда, биыл сәбилер арасындағы ауру көп. Қабылдау бөліміне келген науқастардың

26 пайызы ғана, яғни 146 пациент ауруханаға жатқызылды.

Қазір ауруханада 130 науқас емделіп жатыр. Оның 83 пайызы – 5 жасқа дейінгі балалар. 10-нан астам жүкті әйел мен 1 жасқа дейінгі 69 бала ем алуда.

– Тұмаудан сақтану үшін қандай дәрумендер пайдаланған жөн?

– Емдеу кезінде дұрыс режим ұстанып, науқас жақсы желдетілетін бөлмеде және жылы төсекте болуы керек. Тамақ жеңіл және ақуызға бай болғаны жөн. Жылы шөпшайлары, жеміс сусындары, компот немесе су ішу керек.

Температура көтерілсе, әсіресе балаларға қызу түсіретін препарат беріп, бөлме температурасында сумен сүрткен дұрыс. Мұрыннан су ақса, арнайы препараттармен емдеген жөн.

Сұхбаттасқан: Нұргүл НАСЫР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз