Бас санитарлық дәрігер ата-аналарға үндеу жасады

istock 1130459701 d 850 Медицина

Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова балалар арасында вирус жұқтыру дерегі көбейгендіктен, қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде ол 1 қазаннан бері, яғни эпидемиялық маусым басталғалы елде ЖРВИ жұқтырудың 2,2 миллион дерегі мен 2 284 тұмау жұқтыру дерегі тіркелгенін айтты. Ауырғандардың 65%-ы 14 жасқа дейінгі балалар екен. 

«Ата-аналарға өтініш айтқым келеді. Бүгінгі күні барлық әлеуметтік желілерде балалардың дене қызуы көтеріліп, оны түсіру қиынға соғатыны туралы ақпарат толып жатыр. Өтініш, қазіргі жағдайды ескеріп, балалардың денсаулығына абай болыңыздар. ЖРВИ және тұмау балаларда асқынып тұр. Жаңа жыл мерекесі кезінде және қаңтарда аурушаңдықтың жоғарылауына байланысты балаларды мектеп пен балабақшаға, сауда орталықтарына және басқа да адам көп жиналатын орындарға апармаңыздар», – деді Айжан Есмағамбетова.

сурет: ашық дереккөзден алынды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз