Ауруханаларға – жаңа қондырғы

Денсаулық Медицина

Бүгінде облысымыздағы ауруханаларда ауруды жедел түрде анықтайтын емдеудің озық әдістері мен жаңа  жабдықтар кеңінен  қолданылуда. Әсіресе, жансақтау жағдайында науқастың қан құрамын  тез анықтау, талдау тәсілінің алар орны ерекше.

Осы мақсатта «Эксон Мобил Қазақстан» компаниясының демеушілігімен облыстық   және жеті аудандық орталық ауруханаға, кардиологиялық орталыққа Канадада шығарылған  «Аlere-eрос» атты қан құрамын тапсырып, талдағыш қондырғы  тарту етілді.

Аталмыш  қондырғының құны  төрт  миллион теңге тұрады. Үш бөлікке негізделген құрал – қанды 30 секундта талдап беретін мүмкіндікке ие. Әсіресе, газды, электролитті, метаболитті, жалпы параметрді  анықтайды. Жаңа инновациялық нұсқада жасалған қондырғы әлемнің көптеген елінде пайдаланылуда.

Денсаулық

 

Аманбек ЖҰМЫРОВ,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– «Эксон Мобил» компаниясы емдеу орындарына  бұған дейін де бірнеше миллион теңге тұратын қондырғылар  табыстаған болатын. Алайда, олар күрделі болғандықтан, әрі аудандағы мамандар оның тілін білмегендіктен, пайдаланылмай тұрып қалды. Қазір бұларды орталық ауруханаға қайта алып отырмыз.

 

Гүлнәр НҰҒЫМАН, «Эксон Мобил Қазақстан» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері:

– Алдағы уақытта да өңірдің әлеуметтік саласын жақсартуға жұмыстанамыз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен компания ынтымақтастығы нәтижесінде  аймақта соңғы кездері ана мен бала өлімі азайды. Өйткені, бағалы құрал-жабдықтар сатып алып беріп қана қоймай, бес жылдан бері облыстық перзентханада неонотолог, акушер-гинеколог дәрігерлер арасында шетелдік ғалымдармен, білікті мамандармен  шеберлік сыныптарын ұйымдастырдық. Қазірдің өзінде компания демеушілігімен 19 түлек дәрігер мамандығында білім алуда.

Нұргүл Ысмағұлова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз