Жарнама
Медицина

Атырауда жаңа пансионат ашылды

Республика күні қарсаңында Атырау облысында ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған ерекше жоба іске қосылды. Облыстық перинаталды орталық базасында «Салауатты ана» пансионаты өз жұмысын бастады.

Бұл пансионат — шалғай ауылдарда тұратын, жүктілігі жоғары тәуекел тобындағы әйелдерге арналған қауіпсіз әрі жайлы орын. Мұнда болашақ аналар босану уақытына дейін дәрігерлердің тікелей бақылауында болып, қажетті медициналық және психологиялық қолдау алады.

-«Салауатты ана» тек мекеме атауы ғана емес, бұл – ананың жайлылығы, медициналық қамқорлық пен болашақ ұрпақтың амандығына бағытталған нақты қадам. Сонымен қатар, босанудан кейін асқыну байқалған әйелдер де осы жерде толық оңалудан өтеді, — делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми хабарламасында.

Жаңа пансионаттың ашылуы – өңірде ана мен бала денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды бастама.

Әрбір анаға амандық, әрбір сәбиге шат күлкі сыйлау – қоғамның ортақ міндеті.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button