Атырау облысының тұрғындарына 79 жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілген

1 15 Медицина

                   2021 жылдың 6 айында Атырау облысының тұрғындарына  251 880 млн. теңге сомасына медициналық сақтандыру бойынша 79 жоғары технологиялық медициналық қызмет (ЖТМҚ) көрсетілді.

                   «Жоғары технологиялық көмек — медицинадағы күрделі, бірегей технологиялардың көмегімен, біліктілігі жоғары мамандар тарапынан жасалатын қызмет түрлері. Оған: жүрекке жасалатын операциялар, жүрек, бауыр, бүйрек алмастыру, мидағы ісікті сылып алу, тұқым қуалайтын және жүйелік ауруларды, лейкоз, эндокриндік жүйедегі ақауларды емдеу, аса күрделі хирургиялық ота түрлері жатады» – деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Ғазизов,

                   Көптің қалтасы көтере бермейтін бұл қызмет түрлерін пайдалану үшін не істеу қажет?

                   Жоғары технологиялар арқылы жасалатын қызметтер сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетіледі. Пациент ауруханаға жоспарлы түрде жатқызылып дайындалады. Ең алдымен пациент тіркелген емханасына хабарласады. Дәрігер оны Ауруханаға жатқызу бюросына тіркейді. Ол үшін сырқатты қабылдайтын медицина ұйымының консультациясы талап етіледі.

                   Медициналық қызметті жергілікті деңгейде көрсету мүмкін болмаған жағдайда комиссия пациентті республикалық клиникаларға жіберу мүмкіндіктерін қарастырады. Құжаттар толық әрі дұрыс рәсімделген болса комиссия екі күн ішінде шешім шығарады. Оң шешім қабылданғаннан кейін пациентке жолдама беріліп, ауруханаға жатқызатын күнді белгілейді.

                   Атап айтар болсақ, 2021 жыл басынан бері Махамбет аудандық ауруханасы жолдаған 73 пациент квота арқылы  жоғары технологиялық қызмет түрлері бойынша  МӘМС пакеті шеңберінде Республикалық ғылыми орталықтарда емделіп қайтқан.

                   Мысалға: Махамбет ауданы, Есбол ауылы, Абай атындағы көше № 31 үй тұрғыны Рахимгалиева Айгүл Бахитқызы, жұмыссыз, «Кистозно-солидное образование червя мозжечка с внутриопухолевым кровоизлиянием, компрессирующее ствол мозга, IV желудочек. Окклюзионная триввентрикулярная центральная гидроцефалия. Стадия умеренной клинической декомпенсации» диагнозымен Нұрсұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми нейрохирургия орталығында аса күрделі ота жасатып келді.

                   Сондай-ақ, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылы, Жаскеленов көшесі № 16/3 үй тұрғыны 06.04.1963 жылғы Шакимов Нұрман Қасымұлы «Артериовенозная мальформация левой теменно-затылочной доли 4 градации по Spetzler-Martin. Состояние после ОНМК по типу внутрижелудочкового, субарахноидального кровоизлияния  от 24.08.2018 г.  Амнестическая афазия. Дисциркуляторная энцефалопатия со снижением интеллектуально-мнестических функции. Судорожный синдром» диагнозымен Нұрсұлтан қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығында аса күрделі ота жасатып келді.  Қазіргі уақытта пациент 2-ші отаға дайындалуда.

                   Махамбет селосының тұрғыны 19.11.1965 жылғы  Себеков Сейтжан «Последствия других переломов нижней конечности. Неправильно консолидированный перелом плюсневых костей левой стопы. Посттравматический артроз суставов левой стопы» диагнозымен Нұрсұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтында  операция жасалып қайтты. Жоғарыда аталған қызметтер ақысы медициналық сақтандыру қаражаты есебінен төленіп отыр.

                   Әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен операциядан өткен пациенттер оңалтудан да өте алады. Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе оның оңалту қағидаларына қатысты сұрақтар туындаса, онда ол 1406 байланыс орталығына жүгіне алады немесе Qoldau24\7 мобильдік қосымшасында өтініш қалдыра алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз