АТЫРАУ – ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА

Бүгінгі таңда дүние жүзі бойынша адам өміріне төніп тұрған қауіптің бірі нашақорлық болып отыр. Сондықтан, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау өте маңызды. Осындай мақсатта Шаймардан Сариев атындағы облыстық өнер мұражайында мектеп оқушылары сурет салудан сынға түсті.

Байқауға Исатай, Махамбет, Индер, Мақат, Жылыой, Қызылқоға аудандарынан және қаламыздан барлығы 214 оқушы қатысты. Көрмеге қойылған әр сурет бала көкейінде жатқан көп ойды бүкпесіз беріп тұр. Суретші Манарбек Дәулетияров бастаған сарапшылар құрамы жеңімпаздарды анықтап, диплом мен Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар тарту етті.

Атап айтқанда, бірінші орынға Жылыой ауданынан Берік Бекболаттың туындылары лайық деп танылды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз