Атырау қаласының оқушыларын ыстық тамақпен қамтуға 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді

7d6200c6 2e2c 473e 82e9 d539d4b85509 Білім

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Енді 35 мыңнан  астам бастуыш сынып оқушысы ыссы тамақпен қамтылады. Бір күндік тамақтың бағасы – 224 теңге.

f690f293-f4a1-4b30-a054-9dc6e18561db

7d6200c6-2e2c-473e-82e9-d539d4b85509

Атырау қаласының оқушыларын ыстық тамақпен қамтуға 2 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Мектеп асханаларындағы ас мәзірі өзгеруде. Бұдан былай балаларға құрамында бояғыш заттары бар тағамдар беруге қатаң тыйым салынып, құнарлы тамақпен қамтылуы қажет. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының  сараптама тобы «Мектеп асханалары» жобасы аясында Атырау қаласындағы бірқатар білім ордаларының тамақтандыру қауіпсіздігі мен сапасына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

08956de1-5db2-4a34-9c98-aa5d331ac25e (1)

Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген талапқа сәйкес, шұжықтар, фаст-фудтар, консервіленген азықтар, ащы соустар, ысталған және қуырылған секілді тағам түрлері ас мәзірінен алынып, балаларға ұсынуға болмайды. Сонымен қатар, кондитерлік өнімдер, тәтті, газдалған сусындар, кофе және құрамында әртүрлі дәмдеуіштер мен бояулары бар тағамдар болмауы тиіс. Ас мәзірі сапалы болғаны жөн. Жаз-күз, қыс-көктемге арналған маусымдық екі апталық мәзір жасалады. Оны әзірлеуде оқушылардың жас санаты ескеріліп, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдерін енгізу көзделді. Аспаздық өнімдерді бір күнде немесе келесі екі-үш күнде қайталауға жол берілмейді. Осынау өзгерістер негізінде партия филиалының ведомствоаралық сараптама тобы асханалардағы рұқсат етілмеген тағамдардың бар-жоғын анықтап, санитарлық ахуалға баса ден қойды.

6d106873-bd09-4f1d-b833-e1debe6fe7bf

99918731-2f0a-4eff-905c-4d6fb0b8dbb5

Зерделеу нәтижесінде кейбір білім нысандарында «әттеген-ай» деген тұстар кездесті. М.Әуезов атындағы №7 орта мектептің асханасы мен акт залы бір болды. Сондай-ақ, ыссы тамақтың құрамы бекітілген ас мәзіріне сәйкес келмеді. Мұндай кемшіліктің орын алуын аспазшы сәбіз қосуды ұмытып кеткенімен байланыстырып түсіндірді. Сол күні балаларға қара бидай наны ұсынылу қажет болғанымен, өкінішке қарай үстелде ол да болмады. Н.Нәжімеденов атындағы №2 орта мектептің ас мәзірі талапқа сай болғанымен, балалардың қол жуып, дұрыс кептіруіне жағдай жасауда кейбір құрал-жабдықтармен қамту қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, кейбір мектеп асханасында ыдыс-аяқтардың тозығы жетіп, сынып жатқан көріністер орын алды. Ішуге арналған сумен қамтылмаған білім ордалары да кездесті.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

14c85623-91fe-4626-af16-6326dd5b94d1

2e556a96-4f3b-4805-9032-233a07bfb1dd

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз