Қазақстан – кардиохирургия саласында ең күрделі операциялар жасайтын әлемдегі ең үздік жиырма елдің қатарында!

k2 Жаңалықтар

Atr.kz/28-ақпан, 2019 жыл. Қазақстан кардиохирургия саласында ең күрделі операциялар жасайтын әлемдегі ең үздік жиырма елдің қатарына енді.

Бұл туралы «Atr.kz»-ге Атырау облысы кадиологиялық орталығының кардиология бөлімінің меңгерушісі,  PhD доктор, «Нұр Отан» партиясының ХҮІІІ съезінің делегаты Жанар ОРАЛБЕКОВА хабарлады.

Соңғы жиырма жылда елімізде 1500 аурухана, емхана салынды. Медициналық мекемелердің барлығы бірдей заманауи құрылғылармен жабдықталды.

IMG 20190227 WA0043
Жанар Оралбекова

Қазіргі таңда елімізде кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология саласы кеңінен дамыды. Ең күрделі операциялар Астана, Алматы қалаларымен бірге, өңірлерде де жасала бастады. Қазақстандық дәрігерлер әлемдік деңгейде біліктілігін арттыруда.

Ең бастысы – осындай іргелі жұмыстар Қазақстанның кардиохирургия саласында ең күрделі операциялар жасайтын әлемдегі ең үздік жиырма елдің қатарына енуіне мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда елімізде адамдардың өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 73 жасқа дейін артты. 

«Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы санитарлық-медициналық көмек көрсететін кадрлар жетіспеушілігін шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Сала маманы ретінде айтсам, бұл орайда алғашқы санитарлық-медициналық көмек көрсету саласын қаржыландыру мөлшерін де ұлғайту маңызды. Мәселен, Экономикалық серіктестік және даму елдері ұйымы құрамындағы мемлекеттерде медицина саласындағы қаржыландырудың 70 пайызы бастапқы звеноға бөлінеді. Ал, 30% -ы стационарға аударылады. Демек, біздің елімізде медицина саласын жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғасуы керек.

Партияның негізгі міндеттерінің қатарында дені сау қуатты ұлт ретінде қалыптасу мәселесі де бар. Ендігі меже – еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін ұлғайту.

Осы ретте, біз сапалы медициналық қызметті қолжетімді ету, жалақы көлемін ұлғайту, инфрақұрылымды дамыту, алғашқы медициналық-сараптамалық көмек көрсету сапасын дамыту бағытындағы негізгі міндеттерді толықтай қолдаймыз. Өйткені, партия бағдарламасында сандық технологияны дамыту мәселесі де жан-жақты қарастырылып отыр. Қазірдің өзінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы емхналардағы кезек проблемасын реттеді. Дәрігерлер электронды құжат айналымы жүйесіне көшті.

k2

Ендігі мақсат – медицина саласы мамандарын дайындау жүйесін дамыту. Біздіңше, дәрігерлердің шет елдерде біліктілігін арттыру тәжірибесін жалғастырғанымыз жөн. Мысалға, Жапония, Оңтүстік Корея елдері өздерінің мамандарын әлемнің ең ірі клиникаларына жіберіп, тәжірибе алмасуға, сонымен бірге, халықаралық деңгейдегі сертификатты иеленуіне мүмкіндік беріп отырады.  Осылайша, сол мамандар медициналық қызметтің халықаралық озық үлгілерін, стандарттарын меңгерген теңдессіз кәсіби дәрігерге айналады. Осындай соны тәжірибе елімізде кеңінен қолданысқа енгізілетін болса, біз де дені сау әрі бәсекеге қабілетті қуатты ұлтқа айналамыз.

Жанар ОРАЛБЕКОВА,

Атырау облысы кадиологиялық орталығының кардиология бөлімінің меңгерушісі,  PhD доктор, «Нұр Отан» партиясының ХҮІІІ съезінің делегаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз