Жаңа кітап оқырманға жол тартты

c2e312d1 116a 4e4f 93d0 e2b7c4e44199 Мәдениет

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары» және «Мемлекеттік шекара» туындыларын жарыққа шығарды. Кітаптар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекетіміздің шептерін қорғау ісіне лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндайды.

93c94771 17b1 4d18 8048 1df80dafdd4d

ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінде Тәуелсіз Қазақстан тарихында болған құпия операциялар мен оған қатысқан тұлғалардың ерлігіне негізделген кітаптың тұсаукесері өтті. Шараға қатысқан департамент және шекара қызметінің ардагерлері бұл Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тарихындағы құпия операциялар туралы жазылған алғашқы кітап екенін айтады.

6807292c 9f00 460f 837e 76cf6c83ccf5

-Біздің мақсат – елді , оның тыныштығын және қауіпсіздігін қорғау. Осы отыз жылдың ішінде небір операциялар болды… Міне, сол құпия қызметтер қазақ және орыс тілінде қағазға басылып, қалың оқырманға жол тартты. Шығармада Қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысқан арнайы операция жайлы да жазылған. Тарихи құжаттар, фотосуреттермен көркемделген. Сондай-ақ, шекарадан заңсыз өтіп, есірткі тасымалдайтындарды тұтқындау, адамдарды құтқару сынды қауіпті қызметтердің қалай орындалғанын оқуға болады, – дейді департаменттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділхан Ақботин.

Ал, шекара қызметінің 2-ші дәрежелі капитаны Ардақ Әмірғалиев «Мемлекеттік шекара»кітабының шекараны күзету ісіне өлшеусіз үлес қосқан жасыл күнқағарлы жауынгерлерге арналғанын айтады.

Кітапты қолына алып, беттерін ашқан сәттен бастап, оқырман өзін кейіпкерлермен бірге ел шебінде жүргендей, біресе жаяу, бірде атпен, тағы бірде итпен бірге қаруын серт ұстап, тау асып, тас басқандай, су кешіп, теңіздің толқындарына қарсы жүзгендей әсерге бөленеді. Сондықтан кітап өз оқырманын табады деп сенемін, – дейді шекарашы.

Баспадан енді шыққан туындыны «Меломан» кітап дүкенінен сатып алуға немесе kitap.kz интернет платформасынан электронды нұсқасын оқуға болады.

91145bb5 00b2 43cb bf41 02ace56ced1f

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз