
Мәдениет
«Жалғыздық» жүлдеге ие болды
Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры 1-6 қазан күндері Қостанай қаласындағы І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында «QITFEST» Халықаралық театр фестиваль-лабораториясына драматург Р.Отарбаевтың «Жалғыздық» қойылымымен қатысып, терең мазмұн, кәсіби шеберлік және әсерлі актерлық ойын көрсеткені үшін жүлделі III орын иеленді.

Үшінші орынға қола медаль, лауреаттық диплом және 800 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Фестивальге Ресей, Армения, Қырғызстан, Иран, Түркия, Грузия елдерінен және отандық ұжымдар барлығы 11 кәсіби мемлекеттік театр қатысқан болатын.

Айта кету керек, қойылым режиссері – Мұқанғали Томанов болса, театр ұжымын көркемдік жетекші, «Құрмет» орденінің иегері Темірбек Мұхтаров бастап барды.



Мәлике МӘЛІК



