«Жайықпен көрісу» көрмесі ашылды (+ФОТО)

2 Мәдениет

Атырауда алғаш рет «Фронтир. Атырау шежіресі» арт-резиденциясы ұйымдастырылып, «Жайықпен көрісу» атты көрмеге ұласты. Оған қатысқан заманауи суретшілер бір ай бойы дайындаған жұмыстарын ұсынды.

Мақсат – қазақстандық жас суретшілерді қолдау, арт-ортада тәжірибе алмасу және креативті индустрияны дамыту. Резиденция Атырау қаласында 1-31 тамыз аралығында өтті. Суретшілер Жайық өзенінің бейнесін тақырыпқа арқау етті. Олардың айтуынша, Атырау аймағын сөз еткенде, ең алдымен Жайық өзені ойға оралады.

«Көрмені ұйымдастыруға мұрындық болған YEMAA заманауи мәдениет орталығы – Орталық Азияның Еуразия қоры, «Шеврон», «Aspar Kashagan» компаниялары және Infinity plaza эко-паркімен серіктестікте құрылған болатын. Бұл жобаларды іске асыруға тәжірибесі мол заманауи суретшілер мен арт-қайраткерлер – Сәуле Дүйсенбина, Дмитрий Морозов, Күлшат Медеуова және Диас Әділ  атсалысты» дейді ұйымдастырушылардың бірі Әсел Ахметжанова.

Амандық АБДОЛ

5 1
7 2
8 2
3 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз