ЫСТАМБҰЛДА МАҒЖАН ТУРАЛЫ ФИЛЬМНІҢ ТҮСІРІЛІМІ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Ыстамбұлдағы Бас консулдығының қолдауымен «Алыстағы бауырыма» атты Мағжан Жұмабаев жайлы көркем фильмнің түсірілімі басталды. Бұл туралы консулдықтың баспасөз қызметі хабарлайды.
Фильмнің режисері – Зүлейха Шенер. Мағжанның рөлін Түркияда дүниеге келген қандасымыз Баһадүр Хакім ойнайтын болады. «Фильмнің түсірілімі енді ғана басталды. Түсірілімдер бүгіннен бастап 45 күн Түркияда, ал, көктемде тағы да 45 күн Қазақстанда өтетін болады. Премьераны 2015 жылы қоюды жоспарлап отырмыз», - деді Б.Хакім.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – қазақ әдебиеті көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жұлдыздардың бірі. 1919-1920 жылдары Мағжанның Ататүрік бастаған ұлт-азаттық қозғалысы туралы «Алыстағы бауырыма» атты өлең жазғаны белгілі. Кейін бұл өлеңге Фейзуллах Будак өлеңмен жауап берген. Мағжан ақынға Түркияның ілтипаты ерекше. Анкара және Ыстамбұл қалаларында Мағжанға арналған ескерткіштер де бар.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз