Жарнама
Мәдениет

«Ұрпағым, саған айтам…»

Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында жырсүйер, өнерсүйер қауымға керемет рухани нәр, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған, тамаша талант пен дара дарын иелерінің өнерін сарапқа салған тағылымы мол, әсері зор шара өтті.

2d5387cd 8425 42d1 9a4d f951e5f9c947

Бұл — «Ұрпағым, саған айтам…» тақырыбында өткен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына арналған көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы еді.

Байқаудың мақсаты — Жұмекен жырларын мәнерлеп оқу арқылы жастардың тіл мәдениетін арттыру, көркемсөз оқу шеберлерінің жаңа есімдерін анықтау, ақын жырлары арқылы оларды отаншылдық рухта, патриоттық сезімге тәрбиелеу, кейінгі буынның қазіргі қазақ поэзиясына деген құштарлығын ояту, ұлттық құндылығымыз бен мәдени сабақтастықты нығайту.

Міне, осындай ұлы мақсатты көздеген дүбірлі өнер додасына ел көлемінен 11 талант иесі қатысып, бағын сынады. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов төрағалық еткен қазылар алқасы үмітін үкілеп келген сайыскерлердің өнерін әділ бағалап, әдемі саралады.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button