Құрманғазы ауданында 300 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілмек 

74534dbf 6abb 4445 8add 239d5928ef8e Мәдениет

Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Құрылыстың бас мердігері «Өмірзақ» ЖШС. Жұмыстар осы жылы сәуір айында басталған болатын. Мәдениет үйі биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

-«Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы бойынша 12 адам аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы алынып, нысан басында жұмыстарын жүргізуде. Аталған мәдениет үйі заманауи үлгіде салынып жатыр. Мұнда 300-орынға арналған акт залымен қатар асхана бар. Сондай-ақ мәдениет үйінің ауласы көгалдандырылып, балалар ойнайтын алаңмен жабдықталған. Ғимараттың сыртқы қас беті Хиуаз Доспанова және Құрманғазы Сағырбаевтың фотосуреттерінен трафаретпен безендірілетін болады, деді Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз