Мүмкіндігі шектеулі жандар тарихи орындарды аралады

img 20220901 wa0085 Мәдениет

«Жазмыштан озмыш жоқ» десек те, мүмкіндіктері шектеулі жандардың дені қоғамнан шет қалмауды ойлайды. Олар барынша еңбек етуге ұмтылып, айналасындағыларға бір пайдасын тигізуді көздейді. «Ақниет» қоғамдық бірлестігі жанарында кіреукесі бар адамдарды өзіне топтастырып, солардың мұң-мұқтажын өтеуге ұмтылады.

Жақында аталған бірлестіктің төрағасы Асхат Кариннің жетекшілігімен бірлестік мүшелері «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында туған өлкенің тарихи-мәдени орындарына саяхат жасады.

– Қысқа жіптің күрмеуге келмейтіні секілді, біздің жағдайымыз да керемет емес-ті. Айналамыздағы үлкен жүректі азаматтардың арқасында алға қойған мақсат-міндеттерге біртіндеп қол жеткізудеміз. Бірлестіктің жиырмадан астам бірінші, екінші және үшінші топ мүгедек жаны Махамбет, Малайсары мазарларына, индерлік ақын әрі әнші Табылды Досымовқа тағзым етіп, Сарайшық мұражайында болды. Мен көлікпен, басқа да қажетімізге қолұшын берген «Ақжол», «Ауыл» партияларына, облыстық ішкі саясат басқармасына, демеушілік жасаған кәсіпкер азаматтарға, жанымда жүрген жанашырларым – Ғалия Қанатова, Баян Бижанова, Ләззат Жайлыбаеваларға шын жүректен алғыс айтамын, – дейді аталған ҚБ төрағасы Асхат Жанғалиұлы.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз