«Мen – qazaqpyn!» – халықаралық мегажоба

234149051b5a9b5adb10c1af4e95ff12 Мәдениет

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын көпшілікке насихаттау мақсатында былтыр еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен облыстық әкімдіктердің қолдауымен «Qazaqstan» ұлттық арнасы «Мen – qazaqpyn!» атты халықаралық мегажобасын өткізген болатын. Биыл бұл жоба өз жалғасын тапты.

234149051b5a9b5adb10c1af4e95ff12

Бұл жолы аймақ аудандарынан да өнерпаздар қатысты. Телевизиялық байқауда бақ сынаған жетпіске жуық үміткердің 25-і облыстық кезеңге жолдама алып отыр. Атап айтқанда, үш аталым бойынша дәстүрлі әннен – 10, термеден – 4, күйден 11-і іріктелініп алынды. Енді алдағы аймақтық байқауда олардың үшеуі ғана таңдалады. Ал, Астрахан өңірінің Красный Яр ауданында өткен байқауда сегіз өнерпаздың ішінен күй аталымында топ жарған екеуі республикалық кезеңге жолдама алды.

Республикалық сайыс жеңімпаздарына «Жылдың үздік дәстүрлі әншісі», «Жылдың үздік термешісі», «Жылдың үздік күйшісі» аталымдары беріледі. Сондай-ақ, көрермендердің дауыс беруі арқылы «Көрермен көзайымы-2018» аталымының иегері анықталып, бағалы сыйлықпен марапатталады.

А.Абдол

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз