Жарнама
Мәдениет

«Мәдениет — өмірімнің бір бөлшегі»

Осындай тақырыппен облыстық халық шығармашылығы орталығында тамаша бір рухант кеш өтті. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениет саласының майталманы, атыраулық өнер иесі Алма Андарбаеваның мерейлі 70 жасқа толуына арналды.

4885572d 4fd9 4873 a810 639c3c482d8a

Алма Әзидоллақызы 1955 жылы 30 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.  Еңбек жолын 1977 жылы Алматы  халық шаруашылығы институтын есепші – экономист мамандығы бойынша, 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін қоюшы режиссер мамандығы бойынша бітірген. 1977 — 1993 жылдар аралығында статистика органдарында қызмет атқарды. Кейін жасөспірімдер мен жастардың өнерге деген талабын ұштау мақсатында құрылған «Азикен» қоғамдық ұйымның тете президенті бола жүріп, мәдениет пен өнер саласының сан түрлі жұмыстарымен айналысып кәсіби тәжірибесін толықтырды.

34a5dad7 b62f 4a97 aa5b 201d3fada660

Балықшы кентіндегі бұрынғы Балықшылар мәдениет сарайы осыған дейін облыстық мәдениет басқармасының  бір бөлімі ретінде пайдаланылып келген болатын. Бертінде бұл ғимарат Жастар мәдениет үйі атанып, соңынан осында облыстық халық шығармашылығы орталығы орналастырылып, өз алдына шаңырақ көтерді. Жаңадан отау тіккен мәдениет мекемесінің басшылығына Алма Андарбаеватағайындалды. Осы қызметтерде Алма Әзидоллақызы өзін білікті маман, шебер ұйымдастырушы, байыпты башы ретінде танытты. Еңбегі елеусіз қалмай, 2005 жылы оған Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері және 2011 жылы Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері атағы берілді.

33b63702 899a 4b4a 9549 97c2cb9f2faa

Шара барысында оның осындай  өзгелерге өнеге болар, жастар үлгі тұтар қырлары мен адами қасиеттері әңгіме арқауына айналып, лайықты құрмет пен сый-сияпат көрсетілді. Көпшілікке рухани нәр сыйлаған кеште меретой иесінің өмір жолынан сыр шертетін бейнебаян көрсетіліп, адами болмысы туралы, қоғам алдындағы абыройлы қызметі, шығармашылық қызметіндегі жетістіктері баяндалды.  

7f51cccc 74ec 4cee 863a 3279b494f67b

Мерейлі жас иесін  Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев,  облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов құттықтады. Соңынан ,,Атырау облысына сіңірген еңбегі үшн» медалімен марапатталды. Халық қалаулылары мен мәдениет пен өнер саласындағы әріптестері атынан қазақы салт-дәстүрмен сый-сияпат көрсетілді.

Құттықтау-тілектер легі одан әрі жарасымды жалғасын тауып, салтанатты шара  ұлтымыздың киелі де ұлық өнерімен шырайлана түсті.

b0d21381 4942 4938 b047 3200ee035f9c

Концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп, зор қошемет көрсетті. 

Дәулетқали АРУЕВ,

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button