«Көріседі – «Көңілдер жібісін» деп,
Көріседі – «Тасысын ырысың!» деп,
Көріседі – «Көк мұз да жылысын» деп,
Көріседі – «Оң болсын Ұлысың!» деп ақын жырлағандай, көрісу – адамдардың бір-біріне ақ тілекпен ізет көрсетуі, ілтипат білдіруі. Ол тек бір ғана апта немесе бір аймен шектеліп қалмайды, бір-бірін сол мезгілде көре алмаған адамдар жылдың қай уақытында жүздессе де, өзара көрісе береді. Халық сенімінде 14-інен 15-іне қараған күнi қой құмалағы қарға батып кетсе, жақсылыққа санап, ырым еткен. Ал, 15-i күнi халық «қыс жұлдызы бiтiп, жаз жұлдызы туды» деп есептейді.
Пенде болған соң олардың арасында ұрыс-керіс, дау-дамай болмай тұрмайды. Сондайда бір-бірімен араласпай кеткен туыстарды татуластырып, бітімгерлікке бару да үлкен көрегенділіктің белгісі болып табылады.
Лиза СЕЙТІМОВА.
Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар.