ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАНДЫ

Атырау қалалық әкімдігі халықаралық әйелдер күніне орай Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында  мерекелік кеш ұйымдастырды.

Кеште жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін белгілі ұстаз Нұрзила Сәрсеноваға «Атырау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғалым-хатшысы Баян-сұлу Тыныбаева, әділет саласының ардагері Зәуреш Әміржанова, Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің директоры Бақытгүл Хаменова, қалалық ішкі істер басқармасының штаб аға инспекторы Бағытгүл Бектемірова Атырау қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды.     

Бұдан кейін бір топ еңбек озаттарына қала әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Амандық АБДОЛОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз