Жарнама
Мәдениет

Исатайда жыр бәйгесі басталды

Атырау облысында елдік пен бірлікті, туған жердің құндылығын дәріптеу мақсатында «Ерлері ерен, тарихы терең – Нарыным!» атты облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

7b89a4c2 3a10 45ca 9be5 4f68a48e199f

Сайысқа қала мен ауданнан келген 12 ақын қатысып жатыр. Олар республикалық айтыс ақындары мен Термешілер одағының облыстық филиалы арқылы іріктелді.

-Іс-шараның басты мақсаты ұлттық рухты көтеру, елдік пен ынтымақты дәріптеу, жас ақындардың шығармашылық әлеуетін арттыру болды. Ақындардың өнерін 5 адамнан құралған қазылар алқасы әділ бағалауда, — деді Исатай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ринат Есқалиев.

3ccde693 eebd 4819 ba4b 27e38c3b5d42

Жүлде қоры бойынша бас жүлдеге 500 мың теңге, І орынға 400 мың теңге, ІІ орын алған екі қатысушыға 300 мың теңгеден, ІІІ орын иеленген қос ақынға 200 мыңнан беріліп, одан бөлек алты қатысушыға 100 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы тартылмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button