
Чилилік Марияның домбыраға құрметі ерек
Атырау қаласында Республика күніне орай ерекше мәдени шара ұйымдастырылды. «Жолашар» қоғамдық қорының бастамасымен қазақ мәдениетін шетелде насихаттау, туризмді дамыту және халықаралық байланыс орнату мақсатында Чили мемлекетінің өкілі Maria Argentina мен жас домбырашы балалардың онлайн кездесуі өтті.

Кездесу барысында жас өнерпаздар ұлттық аспап – домбыраның үнімен қазақ халқының бай мәдени мұрасын таныстырды. Чилилік қонақ өзі де Қазақстаннан домбыра сатып алдырғанын айтып, қазақ балаларының өнеріне жоғары бағасын беріп, мәдени әріптестік орнатуға дайын екенін білдірді.
Іс-шара жас буынның шығармашылық қабілетін дамытуға және оларды халықаралық деңгейде қолдауға бағытталған. Сонымен қатар мұндай жобалар ұлттық өнерді әлемге танытып, Қазақстанның рухани бейнесін нығайтуға үлес қосады.
Рита ӨТЕУҒАЛИ



