«Бай-қуатты болайық!»

305527224 5506928866027324 6032643072435383380 n Мәдениет

Мұнайлы өлкеде Нұртілеу Иманғалиұлына арналған жылжымалы көрменің шымылдығы ашылды.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақ журналистикасының қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» атты көшпелі көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарты ғасырға жуық өмірінде қазақ телевизиясында қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының қоғамдағы рөлі мен сіңірген еңбегін жұртшылыққа насихаттауды мақсат еткен республикалық көшпелі көрменің ұрпаққа берер өнегесі мол.

– Қазақ телевизиясында біртуар алып тұлғалардың бар екенін жақсы білеміз. Солардың бірі де, бірегейі осы Нұртілеу Иманғалиұлы. Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейіне ағамыздың 70 жылдығына арналған көрменің ашылуымен құттықтаймын. Ағамыздың өмір жолы да, еңбек жолы да барлығымызға мәлім. Нағыз ел азаматы, жанашыры Нұртілеу Имантайұлының қазақ журналистикасына қосқан үлесі зор. Осындай көрмені ұйымдастырған ағамыздың жұбайына және достарына алғыс білдіремін, деді облыс әкімінің орынбасары Жасулан Бисембиев.

Мұнайды өлкеле өткен көрмеге журналисттің жұбайы, рухани інісі, облыс әкімінің орынбасары, өңірдің зиялы қауым өкілдері, баспа және телевизия саласының ардагерлері, мәдениет және БАҚ қызметкерлері қатысты.

Атырау қаласы мен тұрғындарына арналған көшпелі көрме облыстық тарихи-өлкетану музейінде 6-27 қыркүйек аралығында өтеді. Жайылмалы көрмеде журналисттің эфирге киген ұлттық киімдері, фотоаппараттары мен камералары, мемлекеттік және мерекелік наградалары, кітаптары мен қолсағаты, жеке қолжазбалары, жеке бұйымдары сондай-ақ, спорттық киімдері сыңды 200-ге тарта жеке заттары көпшілік назарына қойылды.

Салтанатты жиын соңында жиналған қауым тележурналистиканың тарланы жайлы естеліктермен бөлісіп, жүрекжарды сөздерін арнап, рухына тағзым етті.

305576390 5506928872693990 6835060103242020629 n
305561041 5506928876027323 3675647881190804450 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз