Жарнама
Мәдениет

Атыраулық театр актерлері Мысырға гастрольдік сапармен қазан айында баратын болды

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай Мысыр елінінің Каир қаласында өнер көрсетеді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ұжымы 6-10 қазан аралығында Мысыр астанасы Каир қаласына гастрольдік сапарға аттанғалы отыр.

 «Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойы тойланатыны бұған дейін айтылды. Театрдың шығармашылық ұжымы «Каир опера» театрында Р.Отарбаевтың «Бейбарыс» әфсанасын сахналайды. Гастрольдік сапарға Атырау облысының әкімдігі қолдау білдіріп отыр», – деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер. 

Бырлығы 62 адамды құрайтын ресми делегацияны облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат төрағасы, облыстық мәдениет басқармасының басшылығы және өзге де  ресми делегация құрамы бастап барады. 

Бұдан бөлек, облыста Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы мен суретшілердің республикалық симпозиумы өтпек. 

Айта кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы мерейтойы аясында ел көлемінде 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Мысыр елінде өтетін «Бейбарыс сұлтан» қойлымы соның бірі болмақ.  

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button