1789506 original 1

Атыраулық бір топ журналист, блогер және туристік агенттік өкілдері оңтүстікке сапар шекті…

Мәдениет Жаңалықтар
6 / 100

«Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің Тəңірі берген несібі ғой…»

Алаш ақыны Мағжан жазған осы бір өлең жолдарын оқығанда, көз алдымызда күллі түркі əлемінің айбынды рухы мен өр үні қылаң береді… Соны сезбекке, көзбен көрмекке, сана-сезіммен танымаққа ниет етіп, Атыраудан бір топ журналист, блогер, туристік агенттіктің өкілдері болып оңтүстікке қарай сапар шектік. Сонымен, жолсапар жөнінде…

Оңтүстікке жасаған сапар барысында ең алғаш тоқтаған жеріміз Шымкент қаласы болды. Шырайлы, шуақты, қонақжай Шымкент. Арыс пен Бадам өзендерінің бойында орналасып, əйгілі Испиджаб (Сайрам) қақпаларының бірі Неджикет қақпасы аталып, кейіннен Шымкент қақпасы деген атауға ие болған шаһардың тарихы тым тереңде. Сол себепті де, мұнда киелі жерлер, əулиелер ізі көп кездеседі. Тіпті, Ұлы Жібек жолының оңтүстік жəне солтүстік тармағы осы еліміздің оңтүстік өңірінде түйіскені де бізге көне тарихтан мəлім.

Қаланың оңтүстігінен кіре берісте шаһардан 40 км-дей жерден тауды көруге болады. Оның төбесінде үлкен кеме түріндегі ескерткіш бар. Бұл – қасиетті Қазығұрт тауы, ал ескерткіш «Кеме қалған» деп аталады. …Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол əулие болмаса неге қалған?! – деген жыр жолдары да ертегідей əлемге тарта түседі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ескі аңыздарда оны «Нұх кемесі» деп те атайтын көрінеді.

Өңірде аралаймын, тынығып, серуен құрамын деген адамға саябақ та жеткілікті. Солардың бірі – Шымкент қа ласының солтүстік бөлігінде орналасқан «Қазына» этно-тарихи кешені. Мұнда кезінде атақты батыр, қолбасшы, дана билеуші болған Бəйдібек бидің монументі алыстан «мен мұндалап» көрініп тұрады. Осыған дейін Шымқаланың қашан бой көтергенін анықтау мақсатында біраз археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Сол қазба жұмыстарының ерекше бір көрінісі – «Цитадель» деп аталатын көлемді аумақты алып жатқан қамал-қорған. Ғалымдардың зерттеуінше, бұл жерге ең алғаш тұрақты қоныстанушылардың Қангөй мемлекеті дəуірлеп тұрған кезде, осыдан шамамен 2200 жыл бұрын қоныс тепкені раст алды. Түрлі дəуір мəдениетін бастан өткерген бұл аймақта қазір қызу жұмыстар жүріп жатыр.

Мамандар бұл жердегі болған оқиғаны, тарихты ұғындыру мақсатында жаңа технологиялық м ү м к і н д і к т е р д і д е м е й л і н ш е қолданысқа енгізген. Мысалы, VR көзілдірік арқылы туристер аталмыш қамалдағы тарихи оқиғалармен, оның осыған дейінгі жай-күйімен етене таныса алады. Құдды, сол кезеңде өмір сүріп жатқандай əсер сыйлайды. Ресми тізім бойынша, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тарихи, сəулет, діни жəне табиғи маңызы бар ірілі-ұсақты 1300-ге жуық нысан бар.

Соның ішіндегі ең киелі орындардың бірі – Ибраһим ата кесенесі Түркістан облысындағы Сайрам ауданының солтүстік-батыс шетіндегі биік төбеде орналасқан. Кесене иесі Ибраһим ата – Қожа Ахмет Ясауидің əкесі. Халық арасында рухани азық беретін, армантілектерді орындайтын қасиетті, киелі жер саналады. Қожа Ахмет Ясауидің əкесі Ибраһим өз кезеңінің сауатты, білімді, діндар адамы болса, анасы Қарашаш (кейбір деректерде Айша деп те атайды) еліне қадірлі, ақылды адам болған екен. Шымкенттегі бірқатар киелі де тарихи орындарды аралап болған соң, бағытымыз Түркістанға қарай ойысты.

Түркістанға барар жолда Қазығұрт ауданындағы Шымкент-Ташкент күре жолының бойындағы «Бабалар рухына тағзым» кешені мен «Мəңгілік ел» саябағына тоқтадық. Тарихи кешенді аралай жүріп, кешегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» дəуірінде «Елім-айлап» көшкен жұрттан бастап, бүгінгі бейбіт күнге жалғасқан тарихқа куə бола аламыз. Мұнда сонымен қатар, əр түрлі өңірдің жомарт азаматтары сыйлаған ескерткіштер де бар. Мəселен, Атырау, Маңғыстауға аты жайылған азамат Төкен Жұмағұловтың бастамасымен орнатылған əйгілі үш биге арналған «Ұлы дала даналары» ескерткіші тұр. Сапарымызды одан ары жалғастырып, Арыс өзенінің төменгі сағасындағы Отырар қалашығына да тоқтадық. Қалпына келтіру жұмыстары тоқтамаған Отырар оазисі Тарбанд, Тұрарбанд, Тұрар, Фараб секілді ірі қалашық-кешендерден тұрады. Тарихшылар оның гүлденген уақыты – біздің дəуіріміздің ХІІІ ғасырына дейінгі кезеңде де ғалымдар, ғұламалар, өнер мен қолөнер шеберлері, болжаушылар мен зергерлер көп болғанын айтады.

Отырардан шығып, екі шақырымдай жүрсеңіз, Арыстан баб кесенесіне маңдай тірейсіз. Арыстан баб – Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы əрі рухани тəлімгері. Сол себептен де, Ясауиге арнайылап келген əрбір жан ең алдымен өз жолын Арыстан баб кесенесіне тəу етуден бастайды, содан кейін ғана Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келеді. Көп ұзамай, Түркістан қаласына да жеттік. Əдебиеттен, тарихтан оқығандағы əсердей емес, қазіргі Түркістанның келбеті мен кескіні өзгеріп, жаңаша қарқын алған. Əдемі ою-өрнектермен безендірілген көп қабатты зəулім үйлер, көздің жауын алатын нысандар да көптеп кездеседі. Облыс орталығына айналған аз ғана уақыттан бері қаланың шырайы кіре бастаған.

Əрине, Түркістан десе руханияттың еске түсетіні, соның ішінде, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құндылығы ерекше байқалады. 1385-1405 жылдар аралығында салынған сəулет жауһарларының күні бүгінге дейін сақталуы кім-кімді болмасын елең еткізбей қоймайды. Бірнеше тарихи апаттарды бастан кешсе де, нысан қалпына келтіру жұмыстарынан өткен. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік м ұ р а л а р т і з і м і н е е н ге н ке с е н е Түркістан қаласының ғана емес, күллі түркі əлемінің рухани символы екені айтпаса да түсінікті жайт. Одан бөлек, киелі мекенді түлету мақсатында елдің əр өңірі бір-бір нысаннан тарту еткен.

Солардың арасында Атырау облысының тартуы ерекше көзге шалынады. Түркістан жерінде сəулет өнерінің үздігіне айналарлық «Ұлы дала елі» рухани орталығында Қазақ хандығы құрылғаннан бастап, жаңа дəуір дамуына дейінгі əр түрлі тақырыпты ашатын 9 тарихи-заманауи залдар қамтылған екен. Қысқасы, жаңарған, жасарған Түркістанды аз ғана күннің ішінде аралап шығу мүмкін емес екен. Қала бұрынғыдай емес, аса маңызға ие мегаполис қалалардың дүрмегіне ілескен. Құдды, ежелгі Қазақ хандығының астанасы деген мəртебені қайтадан жаңғыртып жатқандай сезіледі. Сондықтан, оның дамуы да, өркендеуі де осымен шектелмесі анық.

Бұл сапардан ұғынғанымыз, оңтүстік өңірдегі ағайынның тілегі қандай ақ болса, жүрген жолы да сондай ашық болады екен. Себебі, күн райының күрт өзгеріп, құбылмалы болуына да қарамастан, көңіліміз көтеріңкі болып, ақпараттық турды барынша қызықты өткіздік. Кие қонған, бабаның ізі қалған жерлердің қасиетін ұғынуға да талпындық. Осылайша, Атыраудан Түркістанға сəрсенбі, жұма, жексенбі күндері 8999 теңгеден бастап қатынайтын FlyArystan ұшағының арқасында аз ғана уақыт ішінде бойға түгесілмес нəр, ойға жұтамас рухани азық жиып қайттық. Егер ішкі туризмді дамытып, дұрыс жолға қоя білсек, бізде де əлемге көрсетіп мақтанарлықтай киелі орындар жеткілікті екеніне куə болдық.

  • FLYARYSTAN ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН САПАРЫМЫЗДА КӨҢІЛГЕ КҮДІК ҰЯЛАТАРЛЫҚ ЕШҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚТАР БОЛМАДЫ. КЕРІСІНШЕ, БАҒАСЫ ТИІМДІ ӘРІ ӨТЕ АРЗАН, ІШКІ СЕРВИС ЖАҒЫНАН ДА БАРЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА ЖАУАП БЕРЕТІН БҰЛ ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНА РИЗАШЫЛЫҒЫМЫЗ МОЛ. ОҒАН ҚОСА, ОҢТҮСТІККЕ ЖАСАҒАН САПАР БАРЫСЫНДА БІЗДІ ҚОЛДАП, ЖАНЫМЫЗДА ЖҮРІП, БАР БІЛГЕНІН АЯМАҒАН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА АҚПАРАТТЫҚ ТУРҒА ҚАТЫСҚАНДАРДЫҢ АТЫНАН ЕРЕКШЕ АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ.

Алтынбек МЕРСАДЫҚ,

Атырау-Шымкент-Түркістан-Атырау

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған