Жарнама
Мәдениет

Атырауда автожол қызметкерлері марапатталды

Атырауда бүгін автожол саласы қызметкерлерінің күні алғаш рет аталып өтті. Ел бойынша биылдан бастап белгіленген бұл кәсіби мереке жол құрылысы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға үлес қосқан мамандардың еңбегін айрықша құрметтеуге арналды.

7f41a336 59b6 46fe 93bd e0a296222c1a

Салтанатты іс-шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев сала ардагерлері мен мамандарын құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

54157caf f4c7 4f4c 9a5a cd2eefd68bf7

– Құрметті автожол және автокөлік саласының ардагерлері, сала мамандары, қадірлі әріптестер! Сіздерді Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлының атынан және барша тұрғындар атынан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Ел Президентінің бастамасымен биыл – Жұмысшы мамандықтары жылы деп аталды. Бұл шешім ел экономикасының маңызды бағыттарын алға бастырып отырған сіздердің еңбектеріңізге деген зор құрметтің белгісі. Күннің ыстығына да, суығына да қарамай, халық игілігі үшін адал қызмет етіп жүрген барлық мамандарға алғыс білдіреміз. Салада биыл бірқатар ауқымды жобалар іске асты. Ақтөбе – Атырау жолын жаңғырту жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталып, 45 шақырымдық учаске ғана қалды. Қараша айының ортасына дейін жол толық пайдалануға беріледі. Бұл – жұртшылық көптен күткен ірі инфрақұрылым жобасы. Шекарадағы өткізу бекеттерін кеңейту бойынша жұмыстар басталды. Құрманғазы пункті сегіз жолақты форматқа ауыстырылады. Бұл халықтың жүріп-тұруына және жүк тасымалына айтарлықтай жеңілдік береді. Атырау – Доссор бағыты бірінші санатқа көтеріледі. Қазір техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық құжаттар дайын, қаржыландыру рәсімделуде. Ішкі жолдар бойынша да елеулі жұмыс атқарылды. Облыстағы жолдардың 82 пайызы қанағаттанарлық деңгейге жеткізілді. Қала маңындағы елді мекендердің барлық магистральдары жолмен қамтылды. Әуе қатынасында «Ашық аспан» қағидасы енгізіліп, Атыраудан шетел бағыттарына жаңа рейстер ашуға мүмкіндік туды. Әуежайды жаңғырту мен инвестор тарту жұмыстары жүріп жатыр. Вокзал ғимараттарын жаңарту да қарқынды жүргізілуде. Жолаушылар тасымалында жаңартылған автобустар желіге шығарылды. Атырау – Астрахань бағыты бойынша халықаралық автобус бағыты қайта іске қосылады. Ауылдарда да маршруттық қатынас толық қамтамасыз етілді. Тұрғындардың жол ақысына түсетін салмақты азайту мақсатында маршруттар субсидиялануда. Жол сапасын бақылау күшейтілді. Облыстық маңызы бар жолдарға ауыр жүк көліктерін автоматты өлшейтін жүйе орнатылды. Бұл жолдың ұзақ мерзім қызмет етуін қамтамасыз етеді. Барлық атқарылған жұмыстар — Тәуелсіздігіміздің жемісі және сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі.
Сала ардагерлері мен мамандарына денсаулық, амандық, отбасыларыңызға береке тілейміз. Еңбектеріңіз жемісті болып, жолдарыңыз әрдайым ашық болсын, – деді Қайрат Талапұлы.

82f8541f cfa2 493a 955b 87ff71d2b027

Айтулы күні жол инфрақұрылымын дамыту ісіне елеулі үлес қосқан сала ардагері Аманжан Тәкешов, «КазсервисГрупп» ЖШС-нің прорабы Мелис Молдабаев, «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС директоры Анатолий Быков «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

bdd0083f 99c0 498a 8b28 e8ca6b137795

Сондай-ақ еңбегімен еленген өзге де сала мамандарына «Құрметті жолшы», «Құрметті жүргізуші», «Үздік автокөлікші» төсбелгілері, ҚР Көлік министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, облыс әкімінің және облыстық мәслихат төрағасының алғыс хаттары табысталды.

Марапаттарды облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен облыстық мәслихат депутаты Константин Шин салтанатты түрде табыс етті.

4eee1798 8b9c 42cf 8fa4 f3fd0fe4b8d4

Іс-шара барысында облыстың жол инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.

ffde38ab 89d7 4f94 a6e5 ed906f876b28

Мерекелік шара соңында жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынып, кәсіби мереке иелеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

da02034e f50d 43af aeaf c1500d4f4013

Алмас ҚАБДОЛ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button