Жарнама
Мәдениет

Атырау облыстық филармония ұжымы астрахан облысына гастрольдік сапармен барады

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы Ресейдің Астрахан облысына гастрольдік сапармен жолға шыққалы отыр, деп хабарлайды AtyrauPress.

Филармония директоры Хамиль Сүйекбаевтың айтуынша, сапар аясында Қ.Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі және белгілі солистер күйші-композитордың төл туындыларымен қатар қазақтың халықтық, фольклорлық музыкасынан тұратын концерттік бағдарламасын тарту етеді.

«Биыл – Еуразия кіндігін күй күмбіріне бөлеген, қазақ ұлтының руханиятын қалыптастыруға шексіз үлес қосқан тарихи тұлға, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толып отыр.  Аталмыш дата республика көлемінде ғана емес, халықаралық қауымдастық деңгейінде, тұтас түркі жұрты атап өтуі тиіс мерейтой екені анық. Осы мақсатта Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы  Құманғазы бабамыз мәңгілікке дамыл тапқан РФ, Астрахан жеріне гастрольдік сапарын ұйымдастырады», – деді Хамиль Сүйекбаев.

Сапар  барысында 16 қыркүйек күні сағат 17:30-да  Володар ауданы Алтынжар ауылы, Құрманғазы атындағы өңірлік мәдениет орталығында; 17 қыркүйек күні сағат  19:00-де  Астрахан қаласы Астрахан мемлекеттік филармониясында және 18 қыркүйекте  сағат 18:00-де Краснояр ауданының Красный Яр ауылында концерттік бағдарламалар қойылады. 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button