Жарнама
Инфрақұрылым

Құм ортасындағы оазис

ЖЫЛЫОЙ. Ақкиізтоғай ауылының тұрғыны, «Талаптан» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұрәділ Қарасаев ауылдастарымен бірге қуаң даланы көкмайсаға айналдыруды мақсат етті. Жоба демеуші компанияның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.

Белсенді жігіттің бастамасы туған ауылды көркейтіп, жайлы орта қалыптастыру ниетінен туындапты. Нәтижесінде 1,5 гектар аумақ қоршалып, тамшылатып суару жүйесі орнатылды. Қазір баққа 630 түп көшет отырғызылған.

qum 1

– Бұл бақты тұрғындар тынығып, отбасымен бірге бос уақытын өткізетін орынға айналдыруды мақсат тұттық. Әр көшетті еккен сайын, біз үміт егеміз. Шағын ғана бақтың болашақта үлкен, жасыл аумаққа айналатынына сенімдіміз, — дейді жоба авторы.

Бастаманы ауылдық округ әкімі Марат Қабиденов пен жергілікті қауымдастық өкілдері де қызу қолдады. Белсенділер отырғызылған ағаштарға ұдайы күтім жасап, аумақтың тазалығын бақылауда ұстап жүр. Шағын ауылдан басталған игі бастама адамдарды табиғатты қорғау мен болашақ ұрпақ қамы жолында біріктіруге себепші болды.

Ойындағысын осылай жеткізген ауыл тұрғыны Асқар Арыстановтың айтуынша, бұрын бұл жердің топырағы да қуаң еді. Ал қазір мұнда өмір бар.

Бір сөзбен айтқанда, бұл бақ – ақкиізтоғайлықтардың мақтанышы.

Ескірген үйлер жаңарады

МАҚАТ. Мұнайлы өңірдің орталығындағы ескірген көп қабатты үйлердің реңі кіріп, ажарлана түспек. Олардың қасбеті мен шатырын күрделі жөндеуден өткізу жөнінде аудан әкімдігі арнайы қаулы қабылдады.

eskirgen 2

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаның негізгі мақсаты – өңірдің бірыңғай сәулеттік келбетін сақтау, тұрғын үйлердің сапалы жөнделуін қамтамасыз ету, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және энергия үнемдеу жүйелерін енгізу. Сонымен қатар, қаржылық тәртіп пен ашық есеп жүргізу де назарда.

eskirgen

Қаулы жобасы қабылданбас бұрын құжат келісу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің қарауына ұсынылып, мақұлданған.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button