Жарнама
Инфрақұрылым

Өңірдің инженерлік желілері жаңғыртылды

Атырау облысында тұрғындарды сапалы ауыз сумен, газбен және электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары ауқымды түрде жүзеге асуда. Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеуінше, инфрақұрылыммен қамту көрсеткіші бүгінде 99,9%, яғни 713 мыңнан аса адамды қамтиды.

img 7560
Screenshot

Өңірде сапалы қызмет көрсетуді арттыру мақсатында бірқатар маңызды жоба іске асырылды. Атырау қаласы мен Мақат ауданын үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін №5 сүзгі стансасы қайта жаңғыртылып, су беру көлемі тәулігіне қосымша 50 мың текше метрге артты. Бұған қоса, 5 ауылдық елді мекенде 165 шақырым жазғы су желісі толықтай салынды.

Энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары да қарқынмен жүріп жатыр.

-Облыста 302 шақырым электр желісі жаңартылды, ал Атырау қаласы, “Нұрсая” шағынауданындағы 66 шақырым желі заманауи, қауіпсіз кабельдерге ауыстырылды. Сонымен қатар, қуаттылығы 32 МВт «Нұрсая–Самал» қосалқы стансасының құрылысы аяқталды. Электр желілерін автоматтандыру аясында 30 автоматты қайта қосу құрылғысы орнатылды.

Газбен қамту бағытында да ірі жобалар жүзеге асуда. Атырау қаласының оң жағалауында сағатына 120 мың текше метр газ тарататын станция мен 46 шақырым магистралды газ құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Ал «Спутник» шағынауданын газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, нысан пайдалануға берілді, — деді С.Шәпкенов.

Өңірдегі бұл инфрақұрылымдық жаңғыртулар тұрғындарға сапалы, үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, Атырау облысының инженерлік желілерінің тұрақтылығын арттыра түспек.

А.ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button