«САЛТ ПЕН ДӘСТҮР – ДІН ТІРЕГІ»

Сағыз селосындағы  «Шұғыла» мәдениет үйінде «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Салт пен дәстүр – дін тірегі» атты семинар өтті.

«Шапағат» деструктивтік  діни ағымдардан жапа  шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры директорының орынбасары, теолог Айбек Аташевсөйлеп,дін мен дәстүр үндескенде дін дамиды, дәстүр байиды, ал ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайтындығын әңгімеледі. Баршаға белгілі, ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері ғасырлар бойы өзара кірігіп, ажырамастай болып тамырласып кетті. Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан, дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. Оның ең тиімді үлгісі – ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу, дәстүрлі дінімізге қайта оралу.

Ал, Қызылқоға өңіріне арнайы шақыртумен келген  «Түркістан» мешітінің бас имамы, теолог-исламтанушы Ербол Құдабай сонау ықылым заманда ислам дінін бейбіт қабылдаған ата-бабаларымыз арада қаншама ғасырлар өтсе де, күні бүгінге дейін діні мен ділінен ажырамай, керісінше, діні мен дәстүрін сабақтастырып, бірін-бірі елестете алмайтындай күйде келер ұрпақтың қолына, яғни біздерге аманаттап тапсыр-ғандығын жеткізді.

Мағрупа ҚАЗИХАН.

 Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз