ХАШИМ ШЕЙХ ЖӘМӘЛУДДИН, ӘЛ-АЗХАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ, ЕГИПЕТ АРАБ РЕСПУБЛИКАСЫ: ЭКСТРЕМИЗМ – ИСЛАМҒА ҚАРСЫ

Діннің атын жамылған экстремизм Ислам әлеміне екі түрлі қауіп тудырады. Біріншіден, оның экстремистік түсініктеріне қарсы тұрған әр мұсылманды кәпірге шығарады. Екіншіден, өзге дін өкілдерін Ислам дінінен бездіріп, исламофобия қалыптастырады. Экстремистердің кесірінен Исламды қаталдыққа, кісі өлтіруге және қантөгіске шақыратын дін деп қабылдайды.

 

Мұсылман әлемінің тұтастығын бұзған экстремизмнің көрініс табуы бірнеше келеңсіз жайттарға әкеп соқты. Біріншіден, әсіре діншілдер ислам үмбетін көптеген топтарға бөліп, өздерін ғана дұрыс деп санап, қалғандарын жалғанға шығарды. Екіншіден, өздерінің пікірлеріне қосылмаған, соңдарынан ермеген Ислам әлемін құраушы көптеген елдердің басшылары мен халықтарын кәпірге шығарды. Үшіншіден, 14 ғасыр бойы күллі мұсылман әлемі ұстанып келген дұрыс сенім негіздерін бұрысқа шығарды. Төртіншіден, бірқатар ислам елдерінде мұсылмандарға қарсы соғысатын қарулы содырларды жасақтады. Бесіншіден, Ислам бұйырғанына қарамастан, адамдармен жұмсақ мәміле жасаудың орнына қатыгездікті артық санады. Адам баласына таңдау еркіндігін бермей, оны мәжбүрлеумен айналысты.

Қорыта келе, экстремизм мен терроризмнің алдын алудың төмендегідей жолдарын ұсынамын:      

1. Ислам ғылымы мен үгіт-насихатын жүзеге асырушы діни бірлестіктерге қолдау білдіріп, әлеуетін күшейту.

2. Ислам дінінің орта жолын негізге алып, дамыту.

3. Теріс діни ағым мүшелерін білімді теологтармен диалог жүргізуге шақыру.

4. Профилактикалық жұмыс жүргізу жат ағымның жетегінде кеткен адамның теріс пікірлерін түзетуге қарағанда, әлдеқайда тиімді.

5. Мемлекеттік органдар дәстүрлі дінді насихаттайтын діни бірлестіктермен бірлесе жұмыс жасаулары қажет.

6. БАҚ арқылы қаймағы бұзылмаған таза Ислам тағылымдары мен мәдениетін халыққа насихаттап, экстремизм мен терроризмді ашық сынға алу.

7. Әсіре діншілдікке қарсы күресте әлеуметтік желілерді оңтайлы пайдалану.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз