«Ислам өркениетін қайтаруға тиіспіз»

  Балғабек МЫРЗАЕВ, Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы, теология ғылымының докторы: «Ислам өркениетін қайтаруға тиіспіз»

   «Радикализм, экстремизм, терроризмнің ұлты да, діні де жоқ. Мәселен, ДАИШ лидерлері «Көзіңді жұм да, бес уақыт намаз оқы. Сәждеден басыңды көтергеннен кейін адам өлтір, тона, әйелдерді зорлап, қорла» деген «үкім» арқылы, соңынан ерушілерді зомбиланған роботқа айналдырып жіберді. Сондықтан, діннің атын жамылған қылмыскерлерді ашық айыптайтын кез жетті. Және экстремизм, терроризм ұғымдарын дінмен қосақтап қолдануды доғаруымыз керек» дейді Дін істері комитетінің басқарма басшысы, теология ғылымының докторы Бал-ғабек Мырзаев. Ол дін саласындағы реформалар, экстремизммен күрес тақырыбын да сөз етті.

– Өткен жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «2020 жылға дейінгі діни білім берудің тұжырымдамасын» қабылдады. Алғашқы нәтижелерге тоқталсаңыз…

– Тарихтан белгілі, Орта Азия әлеміне ислам келгеннен кейін бұл кеңістікте зор өзгерістер орын алды. Ғалымдар мұны «Орта Азиядағы қайта өрлеу кезеңі» деп те атап жүр. Осы кезеңде Әл-Фараби, Ибн Сина, Хорезми, Әл Джабри сынды мыңдаған ғалым физика, математика, география, астрономия салаларында үлкен жаңалықтар ашып, исламның білімнің, ғылымның діні екендігін дәлелдеді. Таң қаларлығы, XVI ғасырға дейін Орта Азия ғалымдарының география, математика саласындағы еңбектерін Еуропа оқытып келген. Осындай үлкен өркениет жолы уақыт өте келе үзіліп кетті. Діни білім мен әлеуметтік ғылымдар арасындағы байланыс жоғалып, дүмшелік пайда болды. Сөйтіп, ислам дінін әруақтарға құран бағыштау, жаназа шығару, ас беру сияқты тұрмыстық шеңбердегі ритуалдармен ғана шектеп қойдық. Нәтижесінде, ислам елдерінің дені экономикалық жағынан әлсіз, сауатсыз мемлекеттердің қатарын толықтырды. Мүфтият ұсынған тұжырымдама исламның білім мен ғылымның діні екендігін дәлелдеуді көздейді. Және басты ерекшелік, діни білім алу әуелі мешіттерде, медреседе, университетте кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Тағы бір қосарымыз, діни дәріс алушылар «Қазақстан тарихы», «Философия», «Математика» сынды пәндерді де оқитын болады және мұның нәтижесі алдағы үш-бес жылда біліне бастайды деп ойлаймын.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз