Атырауда дін тақырыбын көтеріп жүрген журналистер марапатталды

00 Қоғам

Конфессияаралық келісімді нығайту, діни  экстремизм мен терроризм идеялары таралуының алдын алу мақсатында Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы бойынша журналистер арасында дін саласындағы өзекті мәселелері туралы шығармашылық конкурс өтті.

Конкурс ережесінің талаптарына сәйкес әділқазылар алқасы байқауға өтінім жіберген 10 журналистің материалдарымен танысып, жеңімпаздарды анықтады.


  Қорытынды  кеште қазылар алқасы байқауға қатысты өз ойларымен бөлісіп, журналистерді диплом мен арнайы сыйлықтармен марапаттады:

img 20201112 wa0057


«Үздік телевизиялық бағдарлама» номинациясы бойынша
I-орын – «Qazaqstan Atyray» телеарнасының  редактор-жүргізушісі  Г.Кәрімжанқызы,
II-орын –  «Caspian NEWS” телеарнасының  редакторы Е.Қарақойшы,
III-орын – «Qazaqstan Atyray» телеарнасының  редакторы
Н. Мағриденұлы иеленді.

«Үздік мақала» номинациясы бойынша
I-орын – «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Н. Аухаденұлы,
II-орын –  «Прикаспийская коммуна» облыстық газетінің журналисі
Қ. Сатаев;
III-орын – «Дүрбі» газетінің меншікті тілшісі Н.Алтайұлы иеленді.


Конкурсқа қатысқан Б.Жанұзақова, Ж.Жұмағалиева, Д.Махимов, К.Дуржанова ынталандыру сыйлығын алды.

img 20201112 wa0050


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз