Жарнама
Ғибрат

Ұлт рухының жыршысы — Жұмекенге тағзым

Көрнекті ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнінің авторларының бірі — Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай Атырау қаласында еске алу шарасы өтті. Іс-шара аясында ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, оның рухына тағзым етілді.

Ж.Нәжімеденов атындағы №2 орта мектептің оқушылары ақынның «Алыста мұнарланған тау шыңдары», «Шіркін, сөз-ай, құдіретті ең сен неткен!», «Салқындап саясында самал көлдің» атты өлеңдерін оқып, өздерінің жерлес ақынға деген құрметін білдірді.


Салтанатты жиын барысында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов сөз сөйлеп, ақын шығармашылығының терең мәніне тоқталды.


— Кейде Жұмекеннің шығармаларын жұмбақ деп жатады. Шын мәнінде олар жұмбақ емес, керісінше — терең, философиялық, ой жүгіртіп оқуды талап ететін дүниелер, — деді ол.


Шара соңында ақынның қызы Қарлығаш Нәжімеденова жиналған жұртқа алғысын білдіріп, әкесінің рухына көрсетілген құрмет үшін шынайы ризашылығын жеткізді.


Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button