Жарнама
Ғибрат

Ешқашан ескерту алмаған адам

Облыстық «Атырау» газетінде корректор болып ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған Бағзай Супьянова бүгінде 80 жасқа толып отыр. Осыған орай әріптестері ардагер қызметкерді мерейлі мерейтойымен құттықтады.

– Облыстың бас басылымы – «Атырау» газетінің сапалық деңгейін арттыруға қосқан үлесіңіз зор. Ұжымдағы әріптестеріңіз сіздің еңбекқорлығыңызды, ұқыптылығыңызды, газет мәтінінің әр әрпіне деген жауапкершілігіңізді үнемі үлгі тұтады, — деді  ардагердің жарты ғасырға жуық еңбек жолында көрсеткен табандылығы мен кәсіби жауапкершілігін ерекше атап өткен «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары Серік Қабдолов.

e260f3c6 87e9 402e 90f8 9a136067dcbd

Ол мерейтой иесіне «Атырау-Ақпарат» ұжымы атынан Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Кездесуде сондай-ақ серіктестіктің ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлан Қабдолов сөз сөйлеп, мерейтой иесіне жылы лебізін білдірді.

– Баспасөздің қадірі – сөздің қадірі. Сол жауапты міндетті адал атқарып, газет сапасына жарты ғасыр бойы мінсіз қызмет еткен сіздің еңбегіңіз кейінгі буынға өнеге. Осындай еңбек майталмандарын ұжым әрдайым құрмет тұтады. Бағзай қызмет атқарған кезде ондаған бас редактормен жұмыс істеп, елу жылдай жұмыс өтілінде бірде-бір ескерту алмай, жауапкершіліктің керемет үлгісін көрсеткен адам, — деді ол.

Өз ісіне адалдықпен қараған, әр жолды жауапкершілікпен түзетіп, әр әріпке жан берген ардагер корректордың есімі облыстық журналистика тарихында лайықты орын алады.

Мерейлі сәтте әріптестері мен кейінгі буын өкілдері Бағзай Супьяноваға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тіледі.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button