Жарнама
Ғибрат

Аяулы ұстаз, ардақты ана

СҰМ АЖАЛ… ТАҒЫ БІР ҚИМАСЫМЫЗДЫ АЛЫП КЕТТІ, ЖАНЫМЫЗҒА ЖАҚЫН, БАЛА КҮНІМІЗДЕН ТАНЫП, СЫЙЛАС, АҒАЙЫН БОЛЫП АРАЛАСҚАН АҚТЕҢГЕ АПАМЫЗДЫҢ О ДҮНИЕГЕ КЕТКЕНІНЕ ДЕ ҚЫРЫҚ КҮНГЕ ЖУЫҚТАДЫ.

Соңында мыңдаған шәкірті, қимас ұлдары мен келіндері, немерелері, шөбере-жиендері қалды. Олар қазір сағына анасы, әжесін іздейді. Бұл да өмірдің, тағдырдың жазуы шығар…

Иә, апамыз өте мейірбан, ортасына сыйлы, ағайынға құрметті жан болатын. Сәуірбай жездемізбен бақуатты тірлік кешті. Ол сауда саласында жұмыс жасаса, апамыз ұзақ жылдар бойы аудандар мен қала мектептерінде ұстаздық етті. Артына өшпестей із қалдырып кетті. Сонау 60-жылдары өмірден ерте кеткен әкеміз Сейтім Қуанышев «Мен жалғыз емеспін, қарындасым келді» ден Ақтеңге апаның Қызылқоға топырағына келін болып түскеніне мақтанып жүретін. Көп кешікпей апамызды қонаққа шақырып, қонағасы шәйін берді. Содан бері ерекше сыйластық. Сәуірбай жезденің ағасы Кішкентаймен әкеміз дос еді, оның ұрпақтарымен әлі күнге араласып келеміз. Басқа да ағайын-туыстары бізге өте жақын болды.

Мына өмірде апамыз бен жездеміз екеуі дүниеге ұрпақ әкеліп, олардың барша қызықтарын көрді. Немерелерін тәрбиеледі. Олардан шөбере сүйді.

Ұзақ жылдар орта мектептерде жас ұрпаққа тәлім берді, оларға білім нәрін құйды. Бүгінде шәкірттері қоғамнан өз орындарын тапты. Ұлы Отан соғысында құрбан болған сарбаздың жалғыз ұлы Сәуірбай жездеміздің шаңырағын тіктеп, қанаттарының жайылғанына куә болдық. Жалғыз анасын бағып-қағып, о дүниеге риза қылып аттандырды. Ол да бар алғысын апамызға жаудырып кетті.

Ақтеңге мектепте үлгілі ұстаз атанды. Қоғамдық ұйымдардан, мектеп әкімшілігінен алған алғыстары мен кұрмет грамоталары жетерлік. Жоғары органдардан марапаттары ол. «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісін алғашқылардың бірі болып алды. Ол үшін марапаттардан гөрі шәкірттерінің алғысына жетерлік еш нәрсе жок. Апамыз да соғыстан оралмаған Жартай атамыздын жалғызы болатын. Анамыз қиындықты жеңе отырып, оны тәрбиеледі, оқытты. Ол да ана сенімін ақтауға ұмтылды. Аяулы ұстаз, ардақты ана атанды. Үлгілі отбасын құрып, елге сыйлы ұрпақтар әкелді. Бауырым Әлібектің өтініші бойынша осы мақала туып отыр. Ол елге белгілі қаламгер, жастар жетекшісі, түрлі теледидарларды басқарды. Оған тек отбасы бақыты мен шалқар шабыт тілеймін.

Асыл апамыздың бұл фәни дүниемен қоштасып, бақи дүниеге өткеніне де қырық күн өтті. Өмірінде мағыналы ғұмыр кешіп, уақытын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған жанның өткен өмірі көпке үлгі-өнеге. Ол аяулы ұстаз, ардақты ана атанып, абырой биігінде болды. Барша қауымның сүйіктісі болған асылдың сынығы еді.

Топырағың торқа, жаның жәннатта болғай, апа! Әркез сізді жадымыздан шығармаймыз. Артындағы ұрпағыңның көңіл күмбезінде сақталарына сенеміз. Қош бол!

Әбілхан СЕЙТІМҰЛЫ
інісі

Атырау қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button